NUR 0367

2017 жылы 28 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласының ЖИТС орталығы және СӨСҚ орталығының ұйымдастыруымен Евразиялық Ұлттық университетінің қолдауымен «СПИД-ті қоғамдық дерт деп айтудың маңызы бар ма?» тақырыбында қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері қатысуымен алғашқы рет пікір сайыс өтті

.
Пікір сайысқа түскен үш топ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен дискриминациясы, алдын алу шараларының және халықты ақпараттандырудың жаңа инновациялы әдістері, емдеу құны, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігі, білім беру мекемелеріндегі жыныстық тәрбие жөнінде және т.б өзекті тақырыптарды талқыға салды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды пікір-таласқа тарту арқылы алдын алу шараларының жаңа әдістерін әзірлеу және ақпараттық деңгейін арттыру. Ұйымдастырушылар студенттер мен оқушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады, сондай-ақ, жеңімпаздарды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

NUR 0253

NUR 0127