IMG 1754

Кәсіпкерлер палатасында АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, емдеу,  стигманы, ауруды төмендету туралы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бизнес-құрылымдардың ақпараттық деңгейін арттыру бойынша ҚР ДСМ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясына қатысты.

Баспасөз конференциясына Астана қаласының туберкулезге қарсы күрес диспансері, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар – «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Жария» ҚҚ, «Санат алемі» ҚҚ, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚҚ, бизнес – құрылымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Баспасөз конференциясының мақсаты бизнес-құрылым басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары назарын АИТВ-мен және туберкулезбен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне аудару, жұмысқа орналасу мәселесі, барлық бизнес басшыларына АИТВ мен туберкулез отандық бизнестің дамуына ешқандай қауіп-қатер төндірмейді деген ақпарат жеткізу.

Баспасөз конференциясының соңында түрлі сұрақтар талқыланып, қатысушылар мамандардың жауаптарын алды.

IMG 1756