басқармасы, Астана қаласының ЖИТС орталығы және қалалық емханалар қала тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге «Өз денсаулығың өз қолыңда» акциясын өткізді.
Акция шегінде, «Әлем» сауда орталығында «Денсаулық қалашығы» ашылып, келушілер әр түрлі мамандардан тегін кеңес ала отырып, тексеріле алды. Қалағандар АИТВ жұқпасының бар-жоғын, дене салмағының индексін, бой мен салмағын, қан қысымын анықтай алды.
Акция кезінде ЖБҚИ сұрақтары бойынша 41 жеке кәсіпкер сауалнамадан, 38 адам тестілеуден өтті.