2016 жылы 10 ақпанда ЖИТС орталығының мамандарымен орталық базардың «Лотос» қоғамдық тамақтану орнының жұмысшыларына және азық-түлік сатушыларына «АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі сұрақтар. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы»тақырыбына дәрістер өткізілді.

Тыңдаушыларға АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы толықтай түсіндірілді. Дәріс қатысушыларына ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, флаерлер) таратылды. Барлық қатысушылар саны – 57 адам.