20170222 1125522017 жылы 20-22 ақпанда ЖИТС орталығының мамандарымен «АИТВ және бизнес» тақырыбында «Рауан», «Экспресс» сауда үйлерінде, «Удача», «Аббат» дүкендерінде АИТВ жұқпасының алдын алу мақсатында дәрістер өткізілді.

Дәрістер барысында тыңдаушыларға АИТВ/ЖИТС-тың негізгі түсініктері, АИТВ жұқпасын жұқтыру себептері және емі туралы түсіндірілді. Сонымен бірге, Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берілді.
Барлығына буклеттер, жеке қорғаныс құралдары таратылды. Дәрістермен 51 адам қамтылды.

20170220 103809