DSC00488

2017 жылы 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберінде Астана қалалық ЖИТС орталығында Жастар денсаулық орталықтары мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына арнап дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында медициналық қызметкерлер АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен танысты, сонымен бірге берілу механизмі, жолдары және факторлары бойынша хабардар болды. Сондай-ақ, қатысушыларға Кампанияның мақсаттары міндеттері, ұраны және айлық шегінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша сұрақтар талқыланды.Іс-шараға барлығы – 16 медицина қызметкерлері қатысты. Айлықты өткізу үшін, барлығына постерлер, кітапшалар, үнпарақтар, аудио-бейнежазбалар, сауалнамалар таратылды.

DSC00474

DSC00473