NUR 9916

2017 жылы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласының ЖИТС орталығы «Нұр Отан» партиясы, СӨС орталығымен бірлесіп ҚазГЗУ-де «Дені сау жастар» атты акция өткізді.

Акцияның мақсаты – жастар арасында АИТВ-ң алдын алу шаралары бойынша ақпараттылығын арттыру, сонымен қатар, денсаулық сақтау құқығына, стигма және кемсіту мәселелеріне жастар назарын аудару. Акцияда студенттер арасында флешмоб ұйымдастырылып, викторина өткізілді. Бағалы сыйлықтар таратылды.Акция кезінде жастар орталық мамандарының кеңесін алып, АИТВ-ға жедел тесттен өтті. 200-ден астам адамға қызыл ленталар, АИТВ-ң алдын алу бойынша және #Анықталмайтыняғниберілмейтін ақпараттық кампаниясы бойынша буклеттер таратылды. Тесттен барлығы – 71 адам өтті.

NUR 9884