DSC00517

Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес кампаниясы аясында, 2017 жылдың 23 қарашасында ЖИТС орталығы №10 қалалық емханамен бірлесіп «АИТВ жаинда көбірек біл» акцияны ұйымдастырды.Дәрігер-эпидемиолог Д.Т. Бексұлтанова кампанияның мақсаты туралы айтып берді.

Іс-шараның басты мақсаты – АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша ақпараттандыру деңгейін жоғарлатуға, сондай-ақ, Астана қаласындағы жастар арасында жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.Акция барысында, ЖИТС орталығының мамандары келушілерге АИТВ-ға құпия түрде және тегін тестілеу өткізіп, кеңес берді. АМСК-ның медициналық қызметкерлері, ұйымдастырушылары іс-шараға белсенді қатысты. Барлығына ақпараттық-оқу құралдары таратылды. Іс-шарамен 200-ден астам адам қамтылды, 88 адам тестілеуден өтті.

DSC00520