20171128 150849

2017 жылдың 28 қарашасында ЖИТС-қа қарсы Дүниежүзілік Кампаниясы шегінде, Астана қаласының ЖИТС-қа қарсы күрес орталығы мен Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бірігіп «Гульжан» сауда орталығында «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» акциясын өткізді.

Акция кезінде, мамандар АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алуы туралы толық түсіндіріп берді. Акцияға қатысушылар АИТВ-ға экспрес-тестен өтіп, койылған сұрақтарына кеңес алды. Тестілеуден – 50 адам өтті. Барлығына ақпараттық-оқыту құралдары таратылды.

20171128 160159