20171205 180431

2017 жылдың 5 желтоқсанында елорда жастары мен жасөспірімдеріне, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында нашақорлық және АИТВ-ны жұқтырту тақырыбын қозғайтын «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылымы өтті.

Психологиялық драма көрсетілімі алдында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы сөз сөйледі. Ол Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шараларымен таныстырды.
Қойылымның идеясы мен мәні - театрлық әрекеттің көмегімен денсаулықты қорғау бойынша қажетті білім беру және ішімдік және есірткі сияқты жаман әдеттер салдарының соңы неге апаратынын есте сақтауға және салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырады.
Іс-шарамен 200 адам қамтылды. Барлық қатысушыларға ақпарат құралдары таратылды.

20171205 175612

20171205 175538