2017 жылы 23 желтоқсанда Астана қаласында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек пен қолдау мәселесімен айналысатын «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымы, «Наследие» ҚҚ-ның қолдауымен,

открытка 1

ЖИТС орталығында қаралатын балаларға жаңа жылдық кеш өткізді. Жаңа жылдық мереке қарсаңында, Аяз Ата мен Ақшақар жас қонақтарды қарсы алды. Мерекелік бағдарламада балалар ертегі кейіпкерлерінің қойылымын көрумен бірге, «Жизнь вопреки» ҚҚ-нан жаңа жылдық тәтті сыйлықтар алды. Шоу барысында, балалар қалқысыз бақытпен белсенді ойындарға қатысты. 

Балалардың әрқайсысы өздерінің армандаған тілектерін тіледі. Балалардың ішінде, кейбіреулері жаңа машина немесе қуыршақ алғысы келді, ал кейбіреулеріне ең бастысы ата-ананың қамқорлығы мен денсаулықтың зор болуы жеткілікті болды. Барлығымызға белгілі, Жаңа жылда тілектер орындалады және балалар осыған шын көңілмен сенеді.
Астана қаласының ЖИТС орталығы балаларға көрсеткен қамқорлық пен көңіл үшін «Жизнь вопреки» ҚҚ-на алғысын білдіреді.