IMG 0418 28 08 18 09 18

2018 жылы 24 тамызда Астана қаласының ЖИТС орталығында Астана қаласы Қоғамдық денсаудық сақтау департаменті, Наркология және психотерпаия орталығы, Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығының мамандары мен дәрігерлерінің қатысуымен АИТВ тестілеуге жататындарды қамту мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесінің негізгі мақсаты – халықтың осал тобының арасында АИТВ жұқпасының таралуын төмендету және эпидемиологиялық-клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тексеруді арттыру мәселесі бойынша екі жақ тарапынан жұмыс сапасын жақсарту.

Жиналыс барысында ЖИТС орталығының дәрігерлері Астанадағы АИТВ жұқпасының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайы, сонымен қатар, ХОТ арасында жүргізілетін алдын алу шаралары туралы мәлімдеме ұсынылды.

Жұмыс кеңесінің соңында, тараптар арасында туындаған мәселелерді екі жақтық шешу жолдары, сонымен қатар, ИЕТ-ді тестілеумен толық қамту үшін пилоттық режимде бірлескен рейдтер ұйымдастыру ұсынылды.