112

2018 жылғы 09 қыркүйекте «Астана Триатлон паркінде» қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Сау болу – сәнді! Денсаулық сандарға жет!» ұранымен кең ауқымды акция өтті. Акция ЖИТС орталығы және қалалық емханалардың қатысуымен, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Акцияның басты міндеті – қоғам назарын белсенді өмір салтын ұстануға аудару. Іс-шара ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бас директоры мен Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ. Надыровтың құттықтау сөздерінен басталды. Акцияны Қазақстан Республикасының белгілі чемпиондары: ҚР ММА федерациясының президенті Асылбек Дүйсенов, Анатолий Ким, бразилиялық джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы Арманжан Рузахунов, марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев және КВН Жоғары лигасының чемпионы, "Спарта Номад" командасының капитаны Данияр Жұмаділов қолдады.

Акция аясында "денсаулық қалашығы" орнатылды, онда қалаушылар мамандардан кеңес алып, қан қысымын өлшеп, қандағы қантты анықтап, сондай-ақ, АИТВ-ға тесттен өтті. АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша 115 адамға кеңес берілді және сынақтан өткізілді. Іс-шара соңында жаппай жүгіру және "дене шынықтыру аумағында" спорттық жарыстары өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, акцияның ең жас қатысушылары марапатталды.

0111 113