111123

2018 жылы 13 қыркүйекте ҚР ЕжХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтында «АИТВ-ның алдын алу», «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсер етпейді», сонымен қатар «МӘМС жүйесін енгізу туралы» тақырыптарында ЖИТС орталығының мамандары семинар өткізді.

Семинарға «КазТрансГазАймак» АҚ, «REP» ЖШС,  «Жактау» АМТ, «Тералайн Телеком»ЖШС, «КИОС» ЖШС, «АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС инженерлері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік инспекторлары қатысты.

Дәрігер эпидемиолог Д. Бексұлтанова  АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері жоқ екенін, сондай-ақ МӘМС жүйесі туралы презентацияны ұсынды.

Іс-шараға қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары (брошюлар, жадынамалар және инфографикалар) таратылды. Барлығы 10 адам қамтылды.