lJIXnp8mzZs

2018 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласының ЖИТС орталығында «Dance4life» атты жаңа шетелдік жобаның Қазақстанға енгізу бойынша Астана қаласының Білім басқармасы, орта білім мектептері,  «Шаг в будущее» және «Жизнь вопреки» қоғамдық қорларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Dance4life» - жастармен бірлесіп, олардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алуға бағытталған арнайы халықаралық жоба болып табылады.

Dance4Life жобасының сапасы бірыңғай қағидаттар мен стандарттар бойынша іске асырылады: ол жастарды шабыттандырады, оқытып үйретеді, құрдастар арасында АИТВ-ның таралуының алдын алу қызметіне белсенді жастарды тартады және   ерікті волонтерларды құрмет етеді.

Дөңгелек үстел барысында, «Dance4life» жобасының бапкері қоғамдағы АИТВ жұқпасы мен ЖЖБИ-дің таралуы бойынша мәселелерді шешу мақсатында, жастарды шақырту үшін қолданатын әдістердің бір түрін қатысушыларға көрсетті.

Іс шараға «Фокус Медия» Қорының басшысы Евгения Алексеева (Ресей), жоба менеджері Тэсс Пайрон (Голландия) арнайы қатысты.

zPvqJnfNYvw