IMG 20181129 WA0014

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында, 2018 жылдың 28 қарашасында Хореография академиясында «Шаг в будущее» қоғамдық қоры мен Астана қаласының  «ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес ортылығының» бірлесіп ұйымдастыруымен «Өз мәртебеңді біл!» науқаны өткізілді.

Науқан қатысушылары алдында, ЖИТС орталығың эпидемиолог дәрігері- Д.С. Нургалина, ол жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қорғау, дер кезінде алдын ала тексерілуден өту, АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары мен қорғану шаралары, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қоғамнан шектету мен кемсітушілікке жол бермеу керектігі жөнінде сөз сөйледі.

Науқанның қызықты бөлігі сұрақтар мен жауаптар викторинасы болды. Викторина жеңімпаздары жүлделер мен сыйлықтарға ие болды:спорттық сөмкелер, доптар, иыққа асатын сөмкелер. Сұрақ-жауап сайысы барысында науқан қатысушылары мамандармен иммундық жүйе дегеніміз не, жұқтырудан қорғау тәсілдері, адам құқықтары және т.б. мәселелерді талқылады.  Науқан аясында барлық қатысушылар өз қалауларымен АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардың кеңестерін алды.Сонымен қатар, АИТВ-ның алдын алу шаралары бойынша бейнеролик көрсетіліп, іс-шараның соңғы аккорды аспанға қызыл шарларды ұшыру болды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — әркім өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру, алдын алу тексерулерінен уақытылы өту, сондай-ақ тұрғындардың АИТВ және ЖИТС-тың алғашқы белгілері туралы хабардар болуын арттыру болып табылады.

IMG 20181129 WA0010 IMG 20181129 WA0054