Бұл жабдық реагенттік Келісім шеңберінде сатып алынды және ПТР әдісімен АИТВ-1 вирусының РНК нуклеин қышқылдарын (минималды концентрациясы 20 көшірме/мл) сандық анықтау үшін үлгілерді автоматтандырылған өңдеуге арналған, бұл талдауды орындаудың технологиялық процесін толық автоматтандыру есебінен зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Фото 2

 

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов атап өткендей, реагенттік келісім-шарт негізінде осы қымбат құрал-жабдықтарды сатып алу, ең алдымен адамның иммун тапшылығы вирусының РНК-н анықтау үшін жаңа автоматтандырылған технологияны қолдану мүмкіндігі, екіншіден, бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында тегін техникалық қолдауды қамтамасыз ету. 2019 жылы осы қағидат бойынша ЖИТС орталығы тағы бір жабдықты сатып алуды жоспарлап отыр.

Модульдік жүйені қолдану ЮНЕЙДС (UNAIDS) "90-90-90" жаһандық мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Зертхана қызметкерлері Түркиядан келген Roche компаниясының мамандарымен осы жабдықта жұмыс істеу және зерттеу жүргізу әдістемесіне оқытылды.