IMG 0423

Осы іс-шараның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ АИТВ туралы дұрыс білімді қалыптастыру.

Семинар барысында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж. Айтмағанбетқызы тыңдаушыларды елорданың эпидемиологиялық жағдайымен, АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін антиретровирустық терапияның жоғары тиімділігі туралы және ЮНЭЙДС-тің «90-90-90» стратегиясымен таныстырды.

Барлық тыңдаушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, сондай-ақ тілек білдірушілер АИТВ-ға экспресс-әдісімен тестілеуден өтті.