Ақылы қызметтер

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ақылы қызметтер мынадай жағдайларда көрсетіледі:
• пациенттердің бастамасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмекті, диагностикалық және емдік қызметтерді, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз көрсетіледі;
• дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
• жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін азаматтарға медициналық тексеру жүргізу;
• ұйыммен, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету.

Тест

Орындалу мерзімі

(күндері)

Бағасы, теңгемен
1 АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау (скрининг)    
1.1 АИТВ-1,2 АТ-ға ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 980 тг
2 В, С вирустық гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг)
2.1 В гепатитінің беткі антигеніне (НВsAg) ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 765 тг
2.2 С гепатитінің антиденесіне (anti-HCV) ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 1190 тг
3 В гепатитінің вирусын ашық диагностикалау
3.1 В вирустық гепатитінің өзекшелі антигеніне М класының антиденесіне  (a-HВcor IgМ) ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 845 тг
3.2 В вирустық гепатитінің өзекшелі антигенінің жиынтықтық  М антиденесіне (а-НВсог total) ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 845 тг
3.3 В вирустық гепатитінің НBе-антигеніне (HBeAg) ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 885 тг
3.4 В вирустық гепатитінің НBе-антигенінің (a-Hbe lgG) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 875 тг
3.5 В вирустық гепатитінің НВsAg(a-HBs) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 875 тг
3.6 вирустық гепатитінің (a-HDV total) антиденесіне  ИФТ әдісімен қанды талдау 1 күн 875 тг
4 Мерезді зертханалық диагностикалау
4.1 ИФТ әдісімен мерезге жиынтық антиденелерді анықтау 1 күн 955 тг
5 Қанды биохимиялық талдау    
5.1 қандағы лактатдегидрогиназдың (ЛДГ) белсенділігін анықтау 1 күн 545 тг
5.2 биологиялық сұйықтықтағы глюкозаның шоғырлануын анықтау (қандағы қант) 1 күн 535 тг
5.3 қандағы жалпы ақуыздың шоғырлануын анықтау 1 күн 510 тг
5.4 биологиялық сұйықтықтағы несепнәрдің шоғырлануын анықтау 1 күн 535 тг
5.5 қандығы жалпы холестериннің шоғырлануын анықтау 1 күн 535 тг
5.6 қандағы гаммаглутамилтранспептидаздың (y -ГГТП) белсенділігін анықтау 1 күн 565 тг
5.7 қандағы сілтілік фосфаттың белсенділігін анықтау 1 күн 525 тг
5.8 қандағы және несептегі креатининнің шоғырлануын анықтау   1 күн 510 тг
5.9 Аланинаминотрансфераза (АЛТ) 1 күн 545 тг
5.10 Аспартатаминотрансфераза (АСТ) 1 күн 545 тг
5.11 Билирубин 1 күн 535 тг
5.12 Жалпы билирубин 1 күн 510 тг
6 Автометрикалық талдағыштағы қанды, несепті, жағындыны жалпы талдау
6.1 Қанды жалпы талдау (гемоглобин нормасының 6 көрсеткіші, эритроциттер, лейкоцитарлы формула, түрлі-түсті көрсеткіш, эритроциттердің, тромбоциттердің қосылу жиілігі) 1 күн 605 тг
6.2 Несепті жалпы талдау 1 күн 340 тг
6.3 Жағындының тазалық деңгейі (қынаптан қырынды алу) 1 күн 505 тг
6.4 Бөлінетін үрпіні микроскопиялық зерттеу 1 күн 505 тг
7 АИТВ емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері:
7.1 Нақты уақыт тәртібіндегі (вирустық жүктеме) ПТР әдісімен плазмадағы АИТВ1 вирустық көшірмелерді сандық анықтау 14 күн 27630 тг
7.2 Ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттердің СД4 жасушаларын есептеу 2 күн 6150 тг
8 Қан алу қызмет 540 тг
9 Резидент емес тұлғаларға психо-әлеуметтік кеңес беру (10 мин) 10 мин 510 тг
10 Оқыту семинарлары
10.1 2017 жылға арналған жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыскерлерге арналған «АИТВ/ЖИТС-пен күресу үшін әлеуетті арттыру мақсатымен медициналық қоғамды оқыту және қолдау көрсетеді» (3 күн, 12 сағат)

қызмет

20 000 тг


         Аталған мерзімге биоматериалды алған күн енгізілмейді
Зертаханалық қызметтерден басқа қажет болған жағдайда алынған нәтижелерге түсінік беруді және консультациялық қызметтерді 38 04 97 телефон номері арқылы ала аласыз.

                     Талдауға дайындау
• Пациентті қанды талдауға тапсыруға дайындау
• Тапсыру уақыты: қан алу кестесіне сәйкес жұқпалы ауруларға (АИТВ, гепатиттер, мерез)
• Иммундық мәртебеге, биохимияға, қанның клиникалық талдауы - таңертең, 8-ден 10-ға дейін. Таңертең аш қарынға, басқа уақытта соңғы ас қабылдау мен қан алу арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс, холестерин – 12 сағаттық ашығу.
• Талдауды тапсыру күні эмоционалды тыныштық қажет
• Тексеруге дейін кемінде 3 күн бұрын ауыр дене күшін түсірмеген абзал (оның ішінде спорттық жаттығулар)
• Жолдамаға жазу үшін қан тапсыру кезінде қандай да болмасын дәрілік затты қабылдағандығы туралы хабарлау қажет
• Алкогольдік ішімдіктерді – кем дегенде 2 күн бұрын ішпеген жөн
• Шылым шегу – зерттеуге дейін ең болмағанда 1 сағат ішінде темекі шекпеген жөн
• Қанды талдауға дәрілік заттарды қабылдағанға дейін (мысалы, антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар) немесе олардың күші жойылғаннан кейін 10-14 күннен соң тапсырады
• Физиотерапевтік процедуралар, аспаптық зерттеу және басқа да медициналық процедуралардан кейін қан тапсыруға болмайды
• Зертханалық көрсеткіштерді бақылау кезінде бірдей жағдайларда қайталама зерттеулер жүргізу ұсынылады: бір зертханада, тәуліктің бір уақытында, бірдей дене қалпында жатып тапсыру қажет
01

Тексеру үшін тамырдан қан алу
02
Қан алуға арналған жабық жүйелер мен тығыздама-вакутейнерлер
03
Қан сынамасы
Зәр-жыныс жолынан жұғынды/қырынды алу үшін пациенттерді дайындау
• Талдау алдында 1-2 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеу.
• Әйел адамдар талдау алдында 7 күн бойында тампондарды, шариктерді, майларды, қынаптық - емдеу, сондай-ақ жүктілікке қарсы (қынаптық) таблеткаларды қолданудан бас тартуы қажет.
• Еттеккір циклі кезеңінде тексеруден өтуге болмайды.
• Талдауды антибиотиктерді және есірткелік препараттарды қабылдау кезеңінде тапсыруға болмайды (үзіліс кемінде 14 күнді құрауы тиіс).
• Кольпоскопиялық тексеруді жүргізгеннен кейін тексеруден өтуге болмайды.
• Жұғында алғанға дейін таңертең жуынуға және шашыратып себілуге (спринцевание) болмайды.
• Жоғарыда аталған нұсқамаларды толықтай орындаған жағдайда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Біз сіздің сеніміңізді және өз беделімізді бағалаймыз!