Дүниежүзілік экономикалық форумның сауалнамасы және біздің елімізде АИТВ-инфекциясынмен сырқаттану деңгейінің төмен екенін, ол экономикаға және бизнес жүргізуге әсер етпейтіні туралы айтып өтті.
Сіздің бизнесіңіз АИТВ-ң еміне байланысты ешқандай шығынға ұшырамайды, біздің елімізде АИТВ-инфекциясының емі тегін және мемлекет тарапынан кепілденген. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар вирусты әріптестеріне жұқтыра алмайды және ұжым үшін қауіп төндірмейді, өйткені АИТВ түшкіргенде, қол алысқанда, ортақ бассейн, монша, дәретхананы пайдаланғанда және басқа да қоғамдық орындарда берілмейді.
Семинар соңында кәсіпкерлерге сауалнама жүргізілді. Барлық қатысушыларға жадынамалар және инфографика таратылды. Іс-шарамен 60-тан астам адам қамтылды.

Dooz 08.02.18