Жүкті әйелдердің үрейін қашырған  АИТВ-жұқпасы.

Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашақты нық қадаммен бастаңдар!

    АИТВ-жұқпасы адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Өйткені ол еңбекке жарамды ерлер мен репродуктивтік жастағы әйелдердіңде өміріне дақ түсіргені анық. Ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе.                                 

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылық синдромы) дерті алуда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа АИТВ-ға қарсы тиімді вакцина әзірленбеген,сол себепті АИТВ-жұқпасымен науқастанғандардың медициналық көмекке уақытылы араласпағанының соңы өлімге әкеліп соқтырады.

АИТВ (адамдағы иммунтапшылығы вирусы)- адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды, иммун жүйесі бұзылғаннан кейін адам, сау адамға қарағанда, кез келген инфекцияның алдында дәрменсіз болады. АИТВ инфекциясының соңғы сатысы – Жүре пайда болған иммунтапшылығы синдромы.Мақалада Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды сипаттау, қарастырылған. Жастар арасындажұқтыру жағдайлары ерекше назарды қажет етеді. Жасөспірімдер ортасында АИТВ-жұқпасының таралуына себепші болатын АИТВ-жұқпасы жайында білімінің аз болуы, қанға енгізілетін есірткіні қолдануы,қауіпті сексуалдық тәжірибелер,жыныстық жолмен таралатын аурулар пайда болғанда медициналық көмекті елемеу сияқты жағдайларымен түсіндірілетін факторлар әсер етеді. Жастар жыныстық жолмен таралатын инфекциялар,  олардың салдары туралы өте аз біледі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Астана қаласында АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамдар санының 43 пайыздан астамы  әйелдер үлесіне тиесілі. Оған әйел ағзасының анатомиялық құрылысы себеп болып отыр. Нәресте жоспарлар алдында екі ерлі зайыпты міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі тиіс. Қазіргі заманауи құрылғылармен жабдықталған зертханаларда қан тапсырып, қан талдауларынын қорытындысына көз жеткізе алады. Отбасы құрғаннан кейін әрбір әйел ана болуды армандайды. АИТВ жұқтырған әйелдердің де көпшілігі бала-шағалы болғысы келеді. Баланы дүниеге әкелу әр әйелдің құқығы.Осы мақалада АИТВ-жұқтырған жүкті әйелдер үшін вирустың  анадан балаға берілу жолдары, вирустың балаға берілу қаупін төмендетуге жағдай жасайтын терапия, вирустың берілуін күшейтетін факторлар қатары, босануды жүргізудің оңтайлы жолдары, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу жолдары жайлы жазылады.АИТВ жұқпасының балаға берілу қаупі жоқ деп айта алмаймыз, бірақ оның жұқтыру қаупін, босану алды және босану кезінде медициналық көмекке уақытылы араласудың әсерінен вирустың анадан балаға  аз деңгейде берілу жолын төмендетуге болады.АИТВ-ға тексерілгенде «оң» нәтиже беруі әйелдерге үлкен соққы болады. Өкінішке қарай, көптеген әйелдер «оң» нәтижені жүктілік кезінде өтетін қарапайым тексерулер кезінде біледі. Мұндай жағдайда оның иығына өз денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар болашақ баланың денсаулығы мен тағдыры жүк болып ілінеді. Нәресте АИТВ-жұқтырған анасының антиденелерімен туылады. Анасының антиденелері балаларда 18 айда жойылады. Сол себепті бала ЖИТС орталығында есепке 12-18 ай тұрады. Кейбір аналарды бала жетім қалуы мүмкін деген ой толғандырады. Әрбір ата-ана мұндай маңызды мәселені дәрігерлердің иығына жүктей салмай, өзі шешім қабылдауы маңызды. Кейбір әйелдер жүкті болар алдында, не болмаса жүктілігін анықтаған жағдайда емін тоқтатуды қалайды. Бірақ бұл сұрақты егжей-тегжей талқылау керек. Әйел түбегейлі ем-дом шараларын жалғастыруы өте маңызды. Егер антиретровирусты терапияны тоқтатқан жағдайда, вирустық жүктеменің тез қалыптасуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ол анадан балаға берілу қаупін жоғарлатады. Жүкті әйелдің денсаулығын қадағалауда акушер-гинекологиялық әйелдер кеңесі, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары бірігіп қызмет атқарады. Бұдан басқа, емшекпен емізу кезінде жұқтырудың айқын тәуекелі болады. Вирус АИТВ-жұқтырған ананың емшек сүтінде анықталған. Сондықтан АИТВ-жұқпасы емшекпен емізу үшін қарсы көрсеткіш  болып табылады. Жүктілігінің соңғы аптасында жүкті әйелді қатаң бақылауға алып, аз қанды жоспарлы ота жасалады. Қазіргі таңда Астана қаласында АИТВ инфекциясының тұрғындар арасында жыныстық жолмен таралу 63 пайызды құрады. Жыныстық жол жоғары деңгейде көрініп отыр. Жыныстық жол – дүние жүзінде ең кең таралған АИТВ –жұқпасының берілу жолы. Ұрықта, әйелдің бөлінісінде АИТВ көп мөлшерде болады. Жыныс жолымен берілетін жұқпалар кезінде, АИТВ берілуі ұлғаяды. АИТВ инфекциясы жас талғамай, жастың да, кәрінің де өміріне кірбің түсіргені анық.

2014 жылдың статистикалық мәліметтеріне көз жүгіртсек  Астана қаласы бойынша АИТВ инфекциясына тексерілген жүкті әйелдердің ішінде 19 жүкті әйелде қан талдау қорытындылары «оң» нәтиже берді.«АИТВ-жұқпасы диагнозы қойылған жас әйел өзінің  дүниеге дені сау бала әкеле алатыны жайында» сұрақ мазалайтыныны айқын. Өмірге дені сау нәресте әкелу үшін, ем-дом  қабылдап жатқан кезден бастап, жоспарлы түрде біздің орталығымыздың дәрігерлеріне уақытылы көмегіне сүйену керек.Әрине, АИТВ дәрежесі бар әйелдің 95-98 пайыз жағдайда дені сау баланы туу мүмкіндігі бар. Ол үшін әйел жүктілігінің 14 апталығынан бастап вирусқа қарсы терапияны қабылдап, дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Орталығымыздың дәрігерлерінің көмегінің арқасында Астанада ЖИТС-пен ауыратын 19 әйел ана атанып,21 дені сау сәби дүние есігін ашты, оның ішінде егіздер мен үш егізсәбилерде бар.

Орындаған:

«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»-ның эпидемиологдәрігері: ЖАНУЗАКОВА Амангуль Серикбаевна