Bissiness

2018 жылы 8-15 қазанда Астана қаласы  ЖИТС Орталығы «АИТВ-ның алдын алу», «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсер етпейді», сонымен қатар «МӘМС жүйесін енгізу туралы» атты тақырыбында «Astanamotor» ЖШС, «Құлагер ҚК» ЖШС, «Концерн Найза курылыс» ЖШС, «Наяда Астана» ЖШС, «Конструктив-А» ЖШС,«АКМ-пласт» ЖШС, «Аксу НС Астана» ЖШС басшылары мен қызметкерлері үшін дәрістерұйымдастырылды.

IMG 7631

2018 жылы 11-12 қазанда «Өз мәртебеңді біл» республикалық акциясы аясында «Big Шанхай» коммуналдық базары мен «Евразия» СОСО қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне арнап акция өткізілді. Акция ұйымдастырушылары Алматы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ЖИТС орталығы және қалалық емханалар.

АО Өрт сөндіруші1

АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша тұрғындар ақпараттылығын арттыру мақсатында ЖИТС орталығының мамандары «Табыс сервис» ЖШС, «Көркем сервис» ЖШС, «Stability» ЖШС басшылары мен жұмысшыларына арнап дәрістер өткізілді.

4gFflvlp

2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның  Астана филиалында  «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Шараға 418  адам қатысты. Ашық есік күні аясында М.Шарипов Астана қаласының филиалының директоры жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі  туралы әңгімелеп берді.

IMG 5154

2018 жылдың 17-19 қыркүйек ЖИТС Орталығының мамандарымен «АИТВ-ның алдын алу», «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсер етпейді», сонымен қатар «МӘМС жүйесін енгізу туралы» атты тақырыбында «Метро» гипермаркет, «Азия» БО, «Достык» БО, «Капитал» БО,«Biznes Noll» БО,«Достык» БО әкімшілігі мен қызметкерлері үшін лекциялар ұйымдастырылды.