2016 жылғы 16 наурызда Астана қаласы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі департамент орта, шағын бизнес басшылары мен кәсіпкерлеріне арналған мәжіліс болып өтті. Мәжіліс барысында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Т. Бексултанова «Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-жұқпасының алдын алу.

АИТВ-жұқпасының бизнеске әсері» тақырында баяндама оқыды. Бизнес басшылығына «АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсері» индикаторы бойынша жыл сайынғы Бүкіләлемдік экономикалық форумды өткізу туралы, бизнес құрылымы объектілері арасында бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің (БҚЖИ) қалай қалыптасып, бағаланатыны түсіндірілді. Мәжіліс соңында ақпараттық-шолу материалдары (кітапшалар) таратылды.