IMG 36712016 жылғы 10 қарашада мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасымен бірлесіп, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша қалалық айлық аясында К.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым  өтті.

   Қойылымның көрермендері қаламыздың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен 9 - 11 сынып оқушылары болды. Қойылымның алдында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің м.а. Ж.Айтмағанбетқызы сөз сөйлеп көрермендерге ақпараттық-оқу құралдарын таратумен бірге, АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша кең ауқымды ақпарат беріп, сонымен қатар Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.  Қойылымның идеясы – қазіргі заман жастарын салауатты өмір сүру салтын ұстануға, ішімдік және есірткі сияқты жаман  әдеттердің салдарынаның соңы неге апаратынын есіне сақтауға шақырады. Көрермендер қойылым кейіпкерлеріне жанашырлық танытып, қойылым соңында педагогтармен бірге бас кейіпкердің мінез-құлқын талқылап, баға берді. 

IMG 3676
 

 IMG 3678