×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items

Байсеркин подпись2015 жылдың 03 маусымында Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК мамандарының, емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.С.Нургожинаның және алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ж.М.Баяндинованың ұйымдастыруымен «Тестілік кеңес беруге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында қалалық АМСК медициналық ұйымдарының дәрігерлері арасында семинар-тренинг өткізді. 

Семинарда АИТВ жұқпасының этиологиясы мен коиникасының негізгі сәттері ұсынылып, Қазақстан Республикасы және Астана қаласындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайлары, жүкті әйелдерді, инъекционды есірткілерді пайдаланушыларды, жастарды АИТВ-ға тексеру кезіндегі кеңесі берудің мәселелері түбегейлі талқыланды.
Семинарға қатысушылар рольдік ойындарға және «АИТВ мәселесі бойынша кеңес беру» фильмін көрсету кезіндегі талқылауда өз ойланы айтып белсене қатысты. Семинар соңында «кері байланыс» типі бойынша мамандар арасында ой алмасу жүргізілді. Семинарда тұрғындарға арналған ақпараттық-білім беру материалдары (АББ) таратылды.

IMG 3002

 

 

   IMG 2884