2014 жылғы 5 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу кампаниясының шеңберінде Астана қаласы ЖИТС орталығының мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Бас қолбасшысының әскери қызметкерлеріне арнап АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде дәріс оқыды. 

 

Дәрігерлер АИТВ жұқтырудың алдын алу шаралары мен сақтану әдістері туралы әңгімеледі. АИТВ-ның жыныстық жолмен жұғуының артуына, жастардың арасында аурудың таралғандығына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Осыған ұқсас іс-шаралар қаланың барлық әскери бөлімдерінде өтеді. Тараптар осындай ақпараттандырудың маңыздылығын ескере отырып, келесі кездесу туралы келісті.

 

 

5.12.14