Іс-шараның басты мақсаты бизнес құрылымдарының басшыларын Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру.

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Бексұлтанова бизнесмендерге АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ, ДЭФ-тың ЖБҚИ есебі бойынша ақпаратты және АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсерінің жоқтығын айтып берді.
Семинар соңында басшылармен сауалнама жүргізілді. Барлық қатысушыларға ақпарат кестелері мен жадынамалар таратылды. Іс-шараға 120-дан астам адам қатысты.

DOOz 2018