NUR 1102

2017 жылдың 8 желтоқсанында елорда тұрғындары мен қонақтарына, «Ханшатыр» сауда-ойын сауық орталығында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Денсаулыққа құқығым бар!» атты қорытынды кең ауқымды акциясы өтті.


Акцияны Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Республикалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, ЮНЕЙДС, АӨА Қазақстандық одағы, Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы, «Қазинформ» ХАА, «РТРК «Қазақстан» АО, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қолдады. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Г.Шиповских, С.Сапиев, Олимпияда чемпионы Б.Артаев акцияның құрметті қонақтары болды.
Акция барысында, Орталық Азия және Қазақстандағы ЮНЕЙДС-тің суб-аймақтық кеңсесінің директоры А.Голиусов және АӨА ОАҚ-ның және АӨА ҚазОдағының президенті Н.Аманжолов Олимпияда чемпионы, ҚР-ның жеті дүркін чемпионы Бахтияр Артаевқа Қазақтандағы ЮНЕЙДС-тің арнайы уәкілінің мандатын табыстады.
Акция кезінде, қалағандар психоәлеуметтік кеңес алумен бірге, АИТВ-ға тестілеуден өте алды. Акция концерттік бағдарламамен, сұрақтар мен жауаптар викторинасымен ұштасты. АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жастар жақсы білімдерін көрсетті, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен жүлделер алды. Сондай-ақ Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған, қалалық ең үздік сурет және ең үздік шығарма байқауы жеңімпаздары марапатталды. «Видергебурт» неміс қоғамының «Сенің таңдауың» театрландырылған қойылымы акцияның көрермендеріне ерекше көңіл күй сыйлады.
Акция қызыл шарлардың салютімен аяқталды. Іс-шарамен 300-ден астам адам қамтылды, оның 62 адамы тестілеуден өтті. Барлық қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуы бойынша флаерлер, күтізбелер таратылды

NUR 1044

NUR 1401

NUR 1772