Акцияға «Жизнь вопреки»және «Жария» ҚҚ, қаланың жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Акцияны ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов ашты. Ол қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің болдырмауы мен жаңа жағдайлардың таралуын алдын алу мақсатында, ЖИТС құрбандарын еске алу күнінің маңыздылығы жайында айтып берді, сондай-ақ, жастарды өз денсаулығына мұқият және жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Іс-шара барысында, АИТВ жұқпасына экспресс-тестілеу әдісімен тексерілетін жылжымалы зертхана жұмыс жасады.
Акция кезінде, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды. Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері танымал әндерді айтып, «Менеджмент және бизнес» Колледжінің студенттері мен № 47 гимназия мектебінің оқушылары флэш-моб пен би ұйымдастырды.
Акция шегінде викториналық сұрақ-жауаптар ойнатылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен жүлделер алды. Барлық қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуы бойынша ақпараттық-оқу құралдары таратылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысқандардың ішінде, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында «Фото жаса және көп лайктар жина!» акциясы өтті, ең көп дауыс санын жинағандар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Әр түрлі елдерде және әр түрлі уақыттарда, өмірлері аурудан үзілген атақты адамдарға Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері еске алу Квилтін құрды. Қатысушылардың алдында орталықтың пациенті Андрей өзінің жеке тарихымен бөлісті. Андрей бірнеше жыл бұрын өзінің АИТВ мәртебесі оң екенін білгенін, және «АИТВ маған әсер етпейді» ұстанымының дұрыс еместігіне тыңдаушылардың назарларын аудартты, сондай-ақ, өзін, достарын және жақындарын жұқпадан қорғау үшін, АИТВ туралы көбірек білуге шақырды. Қазіргі уақытта ол «Жизнь вопреки» қоғамдық қорында жұмыс жасайды, және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қиындықтарды төзуге көмектеседі, сонымен бірге, антиретровирусты емінің пайдасы мен дәрігерге қаралу қажеттігін айтады.
Акцияның соңы ЖИТС құрбандарына естелік ретінде қызыл шарларды аспанға шашумен аяқталды.
Іс-шара Астана қаласының Білім басқармасының және Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Акцияға 180 адам қатысты. Акция қатысушылары АИТВ жұқпасына қарсы тұруға, алдын алу шараларын сақтауға, АИТВ жайында өзі және достары мен таныстарына айтуға дайын екендігін білдірді.
Акция «Астана ақшамы» республикалық газетінде, «Шалқар» радиосында және ақапараттық агенттіктерде жарияланды.

gol2

gol3