IMG 5816

2017 жылы 14 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігі жанындағы денсаулықты қорғау бойынша Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің (ВҮК) «АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай.

Ведомствоаралық деңгейдегі АИТВ індетіне қарсы іс-қимыл. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясында бизнес-құрылыс өкілдері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары» сұрақтары бойынша отырысы өтті. Айта кетерлік жайт, бұл ағымдағы жылдың ВҮК жаңартылған құрамының алғашқы отырысы.
Отырыс барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, өзекті сұрақтар, алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Отырыс жұмысына ведомстволармен қатар, салалық кәсіподақ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және медициналық ұйымдар қатысты

.IMG 5826