IMG 7991

Астана қаласының ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында жастар көшбасшысы, блогер Ерғазы Әзімханұлы қатысуымен "Өз мәртебеңді біл" атты бейнеролик-вайн түсірді. Челленджді әлеуметтік желілерде танымал орындаушылар Гүлнұр Оразымбетова мен «ЖОҚСПИД2030» республикалық акциясының комиссары Әли Оқапов қолдады. Әлеуметтік желілерде вайн бір айда 10000-нан астам рет қаралды.

Науқанның қорытындысы бойынша әлеуметтік желілердің ең белсенді пайдаланушылары бейнеге ең үздік пікір үшін сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде олимпиада чемпионы, ЮНЭЙДС – ның Қазақстандағы «Спорт ЖИТС-ке қарсы» арнайы елшісі Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы бар бокс қолғаптары, сондай-ақ электрондық смарт сағаты бар.

IMG 7992