АО Өрт сөндіруші1

АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша тұрғындар ақпараттылығын арттыру мақсатында ЖИТС орталығының мамандары «Табыс сервис» ЖШС, «Көркем сервис» ЖШС, «Stability» ЖШС басшылары мен жұмысшыларына арнап дәрістер өткізілді.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға Астана қаласындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, жұқпаның берілу жолдары, алдын алу шаралары, ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштері жөнінде, сондай-ақ, МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпарат берілді.

Қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары және жеке қорғаныс құралдары таратылды. Іс-шаралармен – 33 адам қамтылды.