АИТВ-на тексерілудің – жаңа көмегі

Былтыр 2014 жылы денсаулық сақтау ұйымдарына көрсететін мемлекеттік қызмет тағы біреуге көбейді, мемлекеттік көмектің тізіміне тұрғындарды АИТВ-на тексеру қосылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттік қызметтің «АИТВ инфекциясына ерікті анонимді және міндетті конфиденциальді медициналық тексерілу» стандарты бекітілген.

Мемлекеттік қызмет медициналық ұйымдарға, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін (емханалар, дәрігерлік амбулаториялар) және Астана қаласының ЖИТС-н алдын алу және күресу орталығына көмек көрсетеді.

Көмекті қаламыздың кез келген қалаған тұрғыны ала алады, оның ішінде анонимді. Жалпы мұндай көмек тұрғындарға бұрында көрсетілген, бірақ осы жылдан бастап АИТВ-на тексерілу мемлекеттік көмек тізіміне кіреді.

АИТВ-на тексерілу не үшін керек?

Өкінішке орай қоғамда АИТВ-на тексерілуді түсініксіз және керек жоқ талдау деп қабылдайды, немесе тіпті еш мән бермейді. Көбіне, таныстар немесе туыстар, өзінің жақынының тестілеуден өтуге ниетін біліп қойып, тез арада онда бір «сұмдық» бар деп күдіктенеді. Олай істеудің қажеті жоқ. Ол неліктен олай істегені, АИТВ-на тестілеуден өту құлшынысы- бұл, бәрінен бұрын өзінің денсаулығына және жақындарының денсаулығына жаны ашығанның белгілері.

АИТВ-на тексерілу біздің елде көп жағдайда ерікті түрде жасалады. Бірақ, кей жағдайларда АИТВ-на тексерілу міндетті болып табылады.

Міндетті тексерілуге қан және оның құрамы, ұлпа және мүшелердің (мүше бөліктері), сотталғандар, жүкті әйелдер, жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттері, медициналық қызметкерлер, жұқтырылған материалдармен жұмыс жасайтын қызметкерлер, әскерге шақыртылушылар,  АИТВ жұқтырған аналардан туылған балалар, шет ел азаматтары және т.б.

АИТВ –инфекциясы ерекше симптомдарға ие болмағандықтан, АИТВ инфекциясын алып тастамайтын көптеген клиникалық жағдайларда, АИТВ-на тексерілу тағайындалады.Түберкүлезбен ауырғанда, вирустық гепатит В және С, сондай ақ жыныстық жолмен берілетін инфекцияларда, АИТВ-на тексерілу міндетті түрде жүргізіледі.

Астана қаласында дәлірек айтқанда 80% АИТВ жағдайларының анықталуы 20-39 жас аралығына келеді – жас өспірім, еңбекке құлшыныс кезі, әркім өз болашағына жоспар құратын жас.Сондықтан осы жаста кезеңімен АИТВ-на тестілеуден өту керек, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу үшін. Тұрғындардың арасында акциялар өткізу кезінде біз үнемі АИТВ-на экспресс-тестілеу өткіземіз. Мен жас аралықтары 20-25 жас өспірімдерге таң қалдым, тестілеуден өтуге шақырған кезде, өздерінің АИТВ-на статусының теріс қорытындысына сенімді және талдауға жүгінбейді. Мен оларды көріп олардың құрдастарымен әңгімелескен кездерді есіме аламын- біздің ЖИТС орталығының пациенттерін, оларды өздеріне сенімді болған, бір кездей соқ жыныстық қатынастан ештеңе болмайтынына, егер олар соны білсе ғой...

Тұрғындардың жыныстық өмірін ЖИТС орталығының мамандары қадағалауға күші жетпейді және қандайда бір тәртіпті жүктеуге де шарасыз, бірақ біз АИТВ-на әр адамға тексерілу керек екенін, кім белсенді жыныстық өмір сүретіндерге және жыныстық партнерлерін жиі ауыстыратындарға ескертуге міндеттіміз.

Өкінішке орай, жастар жыныстық серіктестігін таңдағанда және жалпы интимдік жақындасу сұрақтарына ат үсті қарайды. Меніңше, аталған мәселелерді шешуге нағыз сәтті уақыт туған сияқты. Егер осы кезеңде араласпаса, біздің жастардың репрадуктивтік денсаулығы- болашақ аналар және әкелерге қауіп-қатер төнуде. Егер әрі қарай жастардың жыныстық тәрбиесінің қажеттілігін теріске шығаратын болсақ, 15 жастағы қыздардың жүктіліктерінің тіркелуі сандары, жасөспірімдердің іштегі баланы алдыруы,  постинфекциялық бедеуліктің саны жоғарлайды.Идеологияға сенуге келмейді, заман басқа. Бірақ бұл тақырып басқа мақалаға арналған.

АИТВ-на қатысты сұрақтар әрқашанда сыпайылық тақырып болып табылады, АИТВ/ЖИТС төңірегінде бұрыс ақпараттар көп, жұқтырылған адамдар стигма және кемсітуді бастан кешіруді жалғастыруда. Жай ғана клиникаға келіп, АИТВ-на тестілеуден өту әркезде бола бермейді, қорқыныш әркезде қасында болады. Егерде сіз АИТВ-ы сізде жоқ екеніне сенімді болған күннің өзінде, санаңызда сақтану туындауы мүмкін. Егер АИТВ-на тексерілу кездейсоқ жүріс тұрыстан кейін қажеттілік тудырса, оған шешім қабылдау оданда қиындық туғызады. Мұндай сұрақтар біздің арнайы веб-сайтқа өте көптеп түседі.Әр жағдайда біз АИТВ-на тестілеудің оң жақтарын, өзінің АИТВ-статусын білудің қандай маңызды екені туралы әнгімелеп береміз.

Бұл қорқыныш түсінікті, бірақ оны жеңіп шығуға болады. Әрине, тестілеудің қорытындысы өмірдің барлығын және болашаққа деген жоспарларды өзгертіп жібере алады. Бірақ әр жағдайда өз-өзін қолға алып және тығырықтан шығуға болады. Әр күні біздің Орталықтың дәрігерлері осындай адамдарға жаңадан өмір сүруге және сенімділікке қол жеткізуге көмектеседі. Қуантатыны, көп жағдайда олардың ол қолынан келеді.

АИТВ-ң қандағы анықтаудың зертханалық анықталуы кейбір ерекшеліктерге ие, вирустың өзін емес, вирустың енуіне жауап қайтаратын антиденелерін анықтайды. Мүмкін болған жұқтырудан кейінгі қандағы АИТВ-на антиденелерді анықтау мүмкіндігі, тек үш айдан соң ғана. АИТВ-н жұқтырғаннан кейінгі алғашқы үш айда, аталғандай «терезе» кезеңі жүреді, антиденелер вирусқа өнделуі басталады және олардың көлемін зертханада анықталмайды. Бірақ «терезе» кезеңінде адам өзінің жыныстық серіктестеріне (немесе есірткіні тамырішілік қолданатын серіктестеріне) жұқтыра алады.Сондықтан қауіпті жағдайдан кейін тексерілуді 3 айдан кейін қайталау керек.

Айта кететіні, АИТВ-на тексерілу қызметі ақысыз және кеңес жүргізумен жалғасады, медициналық қызметкерден АИТВ туралы барлығын білуіңізге болады. Қызмет талдауды тапсырған сәттен бастап (теріс қорытынды болған кезде) 3 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі, кәмелет жасқа толмағандарды тексеру олардың ата аналарының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Талдаудың қорытындысы туралы сіз және дәрігер біле алады.ақпарат толығымен жабық, оңаша. Талдауға қанды шынтақ тамырынан 3-5 мл көлемінде залалсыздандырылған пробиркада алады. Тестілеуді таңертен аш қарынға немесе туәліктің кез келген сәтінде тамақ ішкеннен соң да тапсыруға болады. Тексерукезінде АИТВ-н жұқтыру қаупі толығымен шектетілген, қан алуға тек бірреттік құрылғылар қолданылады. 

Оқырмандардың тағыда естеріне саламын, АИТВ-на тексеруден өту керек, АИТВ жұқтыратындай қауіпті жағдайлар (мүшеқапсыз жыныстық қатынас) болған болса,  организмінде АИТВ жоқ екеніне, өзіне сенімді болу үшін, бала табу жоспарында болса, медициналық көмекті уақытылы алу үшін, АИТВ-н жүктіліктің ерте кезеңінде анықтау үшін және соңғысы дені сау болуы үшін.

Мусина С.Б. – астана қаласы ЖИТС алдын

алу және күресу орталығының

бас дәрігерінің орынбасары