25d0a3ac ee13 4cbe 860a d74c0f38d73d

2018 жылы 24 қаңтарда Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» көрсеткішін жақсарту мақсатында  Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында кеңес өтті.

Кеңес барысында, ЖИТС Орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов және Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Г.М. Тасмағанбетов бизнес құрылымдар басшыларының ақпараттылығын арттыру жөнінде бірлескен іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, кеңеске ЖИТС Орталығы мен кәсіпкерлер Палатасының бөлім басшылары қатысты.
Кеңес соңында, 2018 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау, "Атамекен" бизнес-телеарнасында телебағдарламалар, сюжеттер мен материалдарды жариялау және бизнес құрылым басшылары арасында бірлесіп ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу туралы туралы шешім қабылданды.

99125f2d aa4e 4b29 ae6e 25adf2812283