ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы кеңсесінің директоры А.Т.Голиусов жұмыс сапарымен Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығында болып, сондай-ақ ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы арнайы уәкілі Б. Артаевпен кездесті.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – халықтың осал топтары арасында атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарымен, АИТВ-ның диагностикасы және емімен танысу, ЮНЭЙДС-тің 90-90-90 стратегиясының іске асырылу барысын, сондай-ақ, Астана қаласында АИТВ-жұқпасының алдын алуға бағытталған бастамаларды және жоспарланған іс-шараларды талқылау.
Қатысушылар АИТВ-жұқпасы індетін төмендетуге бағытталған іс-шараларды және аурудың алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша сұрақтарды талқылады.

lol1

lol